видеодан алынған кадр
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан Қарулы Күштері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында Ресейге бармайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Журналистер министрден "Қазақстан әскері ҰҚШҰ аясында Ресей мен Украина шекарасына бара ма" деген сұрақ қойды. Қазір әлеуметтік желілерде осындай қауесет тарап жатыр.
"Қорғаныс министрі ретінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері еліміздің аумағынан шықпағанын толық сеніммен айта аламын. Біз бітімгершілік миссияларын тек Біріккен Ұлттар Ұйымы бағытында ғана іске асырамыз. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдері аумағына әскер жібермейміз және мұндай жоспар болған жоқ. Біз ешқайда бармаймыз", - деді Руслан Жақсылықов.
видео: Tengrinews.kz Telegram-арнасы