Пандемияға байланысты және адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін Жақсылық Үшкемпіровті ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне отбасы мүшелері ғана қатысады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жақсылық Үшкемпіровтің туыстары көңіл айтып, қолдау қөрсеткен барша қазақстандықтарға, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.
«Жерлеу рәсімі тек отбасы мүшелерінің қатысуымен ғана өтеді. Ал оны еске алуға арналған іс-шаралар бір жылдан кейін ұйымдастырылады»,– делген хабарламада.
Еске салайық, тамыздың екісі күні 70 жасқа қараған шағында, грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ерi, «Барыс», «Құрмет» «Парасат» ордендерінің иегері Жақсылық Үшкемпiров өмірден озды.