15 нау, 2023 сағат 16:26

"Жағдайы ауыр": Астанада ер адам мешіт қызметкерін пышақтап кетті

Фото ашық дереккөзден алынды

Астанадағы мешіттердің бірінде ер адам шаруашылық қызметкерін пышақтап кетті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы хабарлады. 

"Ауыр жарақат алған мешіт қызметкері дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы ауыр.

Мешіттің шаруашылық жұмыстарын жүргізетін қызметкерді суық қарумен жарақаттаған күдікті ұсталды. Бұрын сотталған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде. Болған оқиға себептері анықталып жатыр.

Алдын ала жеткен мәліметтер бойынша қылмыстық оқиғаға отбасылық қақтығыстар, дәлірек айтқанда күдікті азамат пен оның әйелі арасындағы дау-жанжалдар себеп болған" - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

ҚМДБ өкілі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қосымша ресми мәлімет берілетінін атап өтті.