23 қыр, 2022 сағат 08:47

Жағдай ерекше бақылауда - ҰҚК шекарадағы ахуал жайлы


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК ШЖҚ) Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдайды ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Бүгінде Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы Қазақстанға кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артып отыр.

Қолданыстағы 30 автокөлік бақылау бекеті штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жолаушылар мен көліктер ағынының артуына байланысты оның төртеуінде кептеліс байқалады. Жағдай ерекше бақылауда", - деді министрліктің баспасөз қызметі.

ҰҚК Шекара қызметі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, шекара өткелдеріндегі қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ететінін айтты.

"Ресей шекара қызметімен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. ҰҚК Шекара қызметі өз қызметінде халықаралық шарттар мен Қазақстанның ішкі заңнамасының нормаларын басшылыққа алады", - делінген хабарламада.