27 қаң, 2021 сағат 18:01

Зейнетақы жинағын пайдалану: Басқарушы компанияларға берілетін қаражаттан табыс салығы алынбайды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан басқарушы қорға берілген қаражаттан табыс салығы алына ма? Бұл сауалға ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Құнды қағаздар нарығы департаментінің директоры Еділ Медеу жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін басқарушы компанияның жеке басқаруына аударуы бірреттік зейнетақы төлемін алуға жатпайды. Өйткені, жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинағы Бірығай жинақтаушы зейнетақы қоры жүйесінде қалады. Осылайша, жеке басқаруға берілген зейнетақы активінен жеке басқаруға берілген сәтте табыс салығы алынбайды», - деп түсіндіреді Еділ Медеу. 

Еске салсақ, 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі.

23 қаңтардан Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды.