Зейнетақы төлемдеріне баспана сатып алғанда сатушыға кепілпұлды ақша арнайы шотқа түскенде ғана беру керек. Бұл туралы Отбасы банкінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, ипотекасыз толық сатып алу мақсатын таңдайтын болсаңыз, сатып алу-сату шартын рәсімдеу мерзіміне назар аударуыңызды сұраймыз. Сатушыға кепілпұлды (алғашқы төлем/пәтер құнының бір бөлігі) бір жолғы зейнетақы төлемдері арнайы шотыңызға түскеннен кейін ғана беруге кеңес береміз. Сатып алу-сату шартын рәсімдеу күні нотариусқа Арнайы шоттыңыздың үзінді көшірмесін көрсетіңіз. Күні мен уақыты көрсетілген үзінді көшірмені ЖССБ 24 мобильді қосымшасынан жүктеп алуға болады», - делінген қаржы институтының Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта.
Банк мәліметіне сәйкес, зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып сатып алу-сату шарттарын рәсімдеген кезде Қазақстан нотариустары соманың екінші бөлігі БЖЗҚ-нан арнайы шотқа қаражат түскеннен кейін ғана сатушының жеке шотына түсетінін көрсетеді.
«Осыған байланысты, сіздердің арнайы шоттарыңызға ақша түскеннен кейін ғана сатушымен мәміле шартына қол қоюға ұсынамыз. БЖЗҚ-нан сіздің шотыңызға қаражат түскеннен кейін, баспана іздеуге, сатып алу-сату шартын жасауға және оны www.enpf-otbasy.kz платформасына сканерленген түрін салу үшін, және сатушының сатып алу-сату шартында көрсетілген деректемері бойынша қаражат аударуға 45 жұмыс күні беріледі. Отбасы банкі – мақсатты қолданылуы бойынша тапсырылған құжаттарды 10 жұмыс күні ішінде тексеріп, біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсаты бойынша аударады. Баспананы «Ипотекасыз толық сатып алу» мақсатын таңдаған кезде «5 жыл иеліктен шығаруға шектеу» қолданылмайды. Яғни болашақта сіз сатып алынған тұрғын үйді шектеусіз басқара аласыз. Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша барлық шаралар тек қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады», - деді Отбасы банкінен.
Еске салсақ, 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі.
23 қаңтардан Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды.