© Reuters
Украина президенті Владимир Зеленский 26 ақпанда кешкі уақытта халыққа кезекті үндеуін жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі УНИАН порталына сілтеме жасап.
Зеленский елді азат ету үшін қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт күресетінін айтты.
"Украинаның өз мемлекетін қорғауға дайын болуы, біздің бір-бірімізбен ынтымақтасуымыз және батылдығымыз біздің елді жаулап алу сценарийін бұзды. Біз лайық тойтарыс беріп жатырмыз. Біз елді азат ету үшін қанша қажет болса, сонша күресеміз. Егер балалар панада туса, тіпті атыс жалғасып жатса да, жаудың бұл, сөзсіз, халықтық соғыста мүмкіндігі жоқ", - деді ол.