Қазақстан Республикасы – әрбiр адамның наным-сенім бостандығынқұрметтейтiн демократиялық, зайырлы мемлекет, ел азаматтары діни сеніміне қарамастан, тең құқылы. Олар Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін дiндердiң мәдени және тарихи құндылығы мен конфессияаралық келiсiмнiң маңыздылығын, дiни төзiмдiлiк пен азаматтардың дiни нанымдарын құрметтейді.
Қазақстан Республикасының2011 жылы 11 қазанында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы азаматтардың дiни сенiм бостандығы жөнiндегi құқықтарын iске асыруға кепiлдiк береді.
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастың басты сипаты – елімізде қандай да бір ресми немесе міндетті діннің болмауында, демек, еліміз қоғамды көркейтетін құндылықты қолдап, тұлғаның діни сенім еркіндігін қамтамасыз етеді. Демек, республиканың әрбір азаматы өз бетінше әрі ешкімнің мәжбүрлеуінсіз қай дінді болса да таңдау еркіндігіне ие немесе өзінің қалауымендіни институттардан тыс өмір сүріп,қандай да бір діннің өкілі болмауға да құқылы.
Елбасы Н.Назарбаев: «Біз барша діндердің теңдігі мен Қазақстандағы конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз және бұған кепілдік бере аламыз. Біз исламның, өзге де әлемдік және дәстүрлі діндердің ең үздік дәстүрлерін дамытудамыз және оларды сыйлаймыз. Сондықтан біз заманауи зайырлы мемлекет құрып жатырмыз» деп Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ сьезінде атап өтті.
Қазақстан Республикасы – діни толеранттылық идеясын таратып, конфессияаралық үнқатысу мен мемлекет тарапынан қойылған нақты істер, халықтармен діндер арасындағы келісім мен түсіністікке толық қол жеткізуге болатынын дәлелдеді.
Қазіргі таңда елімізде 3620 діни бірлестік бар, олардың 2527 исламдық, 331 православиелік, 654 протестантық, 84 католиктік бағытта жұмыс жүргізеді.Әрбір дін өкілдері адамдарға жалпы адамгершілік құндылықтар туралыуағыздайды.
Еліміздегі халықтың басым көпшілігі ислам дінін ұстанады. Ислам діні табиғатына сай халқымыздың салт-дәстүрімен,әдет-ғұрпымен үндесіп, зайырлы қоғамның мүмкіндіктерінеорайелді ізгілікке шақырады.
Ислам діні– өнегелілігімен және діни толеранттылығымен ерекшеленетін гуманитарлық мәдениеттің ажырамас бөлігі. Дәстүрлі діннің құндылықтары еліміздегі түрлі этностардың өзара тату және ынтымақтаса өмір сүруіне ықпалы етері сөзсіз.
Зайырлы мемлекеттегі діни ұстаным – ұлттың мәдениетімен құндылықтар ұстанымымен тығыз байланысты. Діни ұстаным әлеуметтік құбылыс ретінде адамдардың санасына, мінез-құлықтарына ықпал етеді, ал зайырлы қоғамда діни ұстаным – ол дүниетанымдылыққа, мәдени-шығармашылыққа, рухани-адамгершілікке шақырады.
Зайырлы қоғам құруды қалағанҚазақстан мемлекетінің дін саласындағы саясатының басым бағытының бірі– конфессияаралық қарым-қатынасты нығайту. Конфессиялық қатынастарды одан әрі нығайту мақсатыменжүргізілетін халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың ең жарқын үлгісі – әр үш жыл сайын Астана қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндеркөшбасшыларының съезі.Еліміз әлемдік және дәстүрлі діндердің бейбітшілік пен гуманизмді ұлықтаушы әлеуетіне сенім артып дін көшбасшыларын Астана қаласына жинап жаһандық мәселелерді діни төзімділік және бейбіт жолмен шешуге шақырады. Зайырлы мемлекетімізде дін мен қоғам арақатынасын, діниқұндылықтардың қоғамдық өмір мен санадағы орнын зерделеу керек.
Сондықтан зайырлы қоғамда әлемдік және дәстүрлі діндердің құндылықтарын ғылыми тұрғыдан танып білген жөн. Қазіргі уақытта адам мен қоғам өміріндегі ақпараттық және интеллектуалды ортада діни наным-сенім мен сананың рөлі өсіп келеді. Діни ұстаным адамзатпен байланысты әлеуметтік құбылыс болғандықтан, адамзат мәдениеті ұғымымен де тікелей байланысты. Діни ұстаным адам өміріндегі құндылықты, өмір мәні ұстанымада ықпал етеді.
Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруына дәстүрлі діндер өте маңызды рөл атқарады. Еліміздегі әлемдік діндердің жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтарының этносаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнықтырудағы атқаратын рөлі ерекше. Дәстүрлі діндер зайырлы қоғамда достық пен өзара құрмет және түсінушілікті нығайтуға қызмет етеді.
Сонымен қатар, Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІ сессиясында мұсылмандық – «Құрбан айт мерекесі» және православиялық – «Рождество мерекесін» 2001 жылдың 13 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағымерекелер туралы»Заңына сәйкес ресми мерекелердің қатарына қосылды. Бұл мемлекет азаматтарының өзара татуластығы мен достығының арқасында орнады. Халықаралық деңгейде мойындалған Қазақстан қоғамындағы рухани келісім мен өзара түсіністік – ел дамуының басты тетігі.
Мемлекеттің Атазаңымен бекітілген зайырлылық сипаты – оныңіргетасы, мемлекеттің ерекше сипаты. Зайырлылық қағидаты –азаматтардың дүниетанымында, көзқарасы мен діни ұстанымында, күнделікті өмірінде ерекше орын алатын құбылыс.
Ең бастысы еліміздегі конфессияаралық және этносаралық толеранттылық – ата-бабаларымыз салып кеткен жол. Себебі пейілі кең, жаны жомарт қазақ халқы көшпелі өмір салтын ұстанған ежелгі кезеңде де басқа халықтармен достық қарым-қатынас жасап, ауыр табиғи жағдайда өмір сүргеніне қарамастан, өз қандастарына ғана емес, басқа да келімсек ұлттар мен ұлыстарға қонақжайлылық пейіл танытты.
Қорытындылай келе, еліміздегі діни ахуалдың жақсара түсуіне, зайырлы қоғамды қалаған ел азаматтарыныңәрқашан татулық пен достықты дәріптеп, ата-бабаларымыздың дәстүрін жалғастыратынына, оны келешек ұрпаққа аманаттайтынына сеніміміз кәміл.
Еліміздегі діни ұстаным қоғамның бойына зайырлылық пен зиялылықты, имандылық пен салауаттылықты, ұлттық дәстүрмен рухани құндылықтарды дәріптеп, оларды этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды құрметтеу мәдениетіне, дүниетанымдылық пен төзімділікке және этикалық әдетпілікке қалыптастырады.
ХХІ ғасырдың әлемдік тәртібі мен бет-бедері айқын болған қазіргі кезеңдедемократияны ұлықтайтынзайырлы мемлекеттегі діни ұстаным шын мәніндегіәлемдік өркениетті, адами құндылықтарды, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететінқоғамның рухани кемелденуіне қызмет ету керек.
Б.Жұмабаев,
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Дін істері комитетінің Дін мәселелері жөніндегіғылыми-зерттеужәне талдау орталығының жетекші ғылыми қызметкері
Ұлт порталы