05 там, 2025 сағат 11:24

Заңсыз үй салған азамат өзін өртеймін деп депутатты қорқытты


Фото: Homsters.kz

Заңсыз үй салған азамат  өзін өртеймін деп депутат Бақытжан Базарбекті қорқытты. Бұл туралы Ult.kz ТикТоктағы Ulyskz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Заңның аты заң. Барлық талаптар бұзылған. Сәулет-құрылыс заңнамасы бар, жер кодексі бар. Сен барлық талаптарды бұзып отырсың. Сенде жобаға талап-арыз жоқ, сметамен келісім жоқ. Бақша егуге арналған жерге құрылыс жүргізе алмайсың. Бақша егуге арналған жерге АПЗ (сәулет жоспарлау тапсырмасы) берілмейді. Бақша егуге арналған жерге таунхаус салуға тыйым салынған", - деді Бақытжан Базарбек.


"Заң бұзылса әңгіме қысқа", - деп сөзін қайырды депутат.

Әңгімеге қарағанда үй иесі жердің пайдалану мақсатын өзгерткісі келеді, бірақ сот арызын қанағаттандырмай, шешім шығарып қойған.

Депутатпен әңгіме кезінде үйдің иесі: "Өзімді өртеп дәлелдеймін бе?!" - деп шүйлікті де, қасындағы адамды жанармай алып келуге жұмсап айқайға басты.