Алматыда «MSG Company» ЖШС-нің басшысы мұнай өнімдерін заңсыз сақтады және сатты деген айыппен сотталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, «MSG Company» ЖШС басшысы заңсыз әрекеттермен айналысқан. Ол жалпы сомасы 896,5 млн теңгеге 13,5 мың тонна мұнай мен мұнай өнімдерін (мазут) сатумен айналысқан.
«Серіктестіктің заңсыз әрекеті салық пен бюджетке міндетті төлемдерді төлемеу түрінде мемлекетке 249,1 млн теңге материалдық залал келтірді», - делінген хабарламада.
Сот үкіміне сәйкес, айыпталушы ҚРҚК 197-баптың 4-бөлігі ( мұнай өнімдерін заңсыз сақтау,сату және құжатсыз өндіру, тасымалдау ) және 245-баптың 3-бөлігі ( салық пен бюджетке міндетті төлемдерді төлеуден жалтару) бойынша кінәлі деп танылды.
Сот оны бес жылға бас бостандығынан айырды.