Заң нормаларын әзірлеу барысында біреулердің жеке мүддесіне бола лобби жасауды түп тамырымен жою қажет. Бұл туралы 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Заң нормаларын әзірлеу барысында біреулердің жеке мүддесіне бола лобби жасауды түп тамырымен жою қажет. Сіздер ең алдымен сайлаушылардың сұранысын басшылыққа алып, тәуекел мен қатердің бәрін де саралауға тиіссіздер. Депутаттар әрдайым қоғам тынысын аңғарып, тамырын дөп баса білгені жөн. Парламент ел мүддесі үшін аянбай қызмет ететін қайнаған жұмыс ортасы. Халқымыз бізден оң өзгерістерді күтетіндігін әрдайым есте ұстаған абзал», - деді Мемлекет басшысы.
Сондықтан ҚР Президенті депутаттардың шешім қабылдау кезінде асқан жауапкершілік танытулары қажеттігін баса айтты.
«Барлық жоспарымыз жемісті жүзеге асырылуы үшін бір кісідей жұмылып, еңбек етуіміз керек. Біз кез келген қиындықты жеңіп, билік белестерге бірге шығамыз. Әділетті әрі өркендеген Қазақстанды бірге құрамыз. Қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, кемел келешекке бірге қадам басамыз» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.