13 жел, 2017 сағат 13:23

Зағипа Балиева: Қазақстанда педофилдер көбейген

Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева елімізде педофилия дертінің көрсеткіші артып бара жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"2017 жылдың 9 айдағы көрсеткішін 2016 жылдың осы мерзімдегі қорытындысымен салыстырсақ, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің мәліметінше, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау сияқты қылмыстың - 100-ден 133-ке дейін артқанын көреміз. 33 пайызға артқан. 2016 жылы зорлықшылардан 180-нен аса бала зәбір көрген еді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда аз, бірақ, бұл көрсеткіш елімізде педофилияның артып келе жатқанын білдіреді", - дейді Балиева үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында. 

Депутат 2018 жылдан бастап педофилдерді химиялық кастрациялауға рұқсат ететін норма күшіне енетінін еске салды. 

"Денсаулық сақтау және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері қаншалықты дайын? Егер абақтыда бұл мәселені қандайда бір жолмен шешуге болатын болса, басқа жаза қолданылып, түрмеден босап шыққан зорлықшыларға не істеуге болады", - деп сұрады депутат. 

Балиева үкіметтен осы резалюцияны анық сипаттап беруін сұрады.