Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко жасанды тыныс алу аппаратына қосылды, деп хабарлайды РИА Новости.
Өткен аптада Тимошенко мен оның қызы және күйеу баласы коронавирусты жұқтырғаны белгілі болды. Депутаттың дене қызуы көтеріліп, ол ауыр жағдайда ауруханаға түскен.
Ал Тимошенконың туыстары COVID-19-дың жеңіл формасынан зардап шегуде.
Саясаткердің баспасөз хатшысы "әзірге жақсы жаңалық жоқ" екенін айтады.
Қазіргі кезде Тимошенко өмірлік маңызы зор дене функцияларының бұзылуын болдырмауға бағытталған шаралар кешенінен тұратын қарқынды терапия курсынан өтуде.