17 сәу, 2020 сағат 16:25

World Press Photo-2020 сыйлығының жеңімпаздары анықталды

World Press Photo-2020 беделді халықаралық фотожурналистер конкурсының жеңімпаздарының есімі жарияланды, деп хабарлайды BBC.

Басты номинацияда – «Жылдың үздік суреті» бойынша «Тікелей дауыс» атты сурет жеңді. Суретті AFP агенттігінің фотографы Ясуеси Тиба (Yasuyoshi Chiba) түсірген. Суретте 2019 жылы жазда Суданда жас жігіт наразылық өлеңін оқып жатыр, ал наразылыққа шыққандар оны телефондарына түсіріп тұр. 

Қазылар мүшесі Тибаның суреті жастық шақ пен өнерді көрсетті деп мәлім етті. 

Суретші: «бұл сәт осы елде жүрген кезде маған кездескен жалғыз бейбіт наразылық болды. Мен олардың жеңілмейтін ынтымақтастығын сезіндім», - дейді. 

Қазылар алқасының төрағасы Лекгето Маколаның (Lekgetho Makola) айтуынша, сурет шиеленіс кезінде түсірілсе де, адамдарды шабыттандыратын күшке ие. 

«Біз ешкімге оқ атпай, тас лақтырмай өлең оқып тұрған жас жігітті көрдік», - деді ол. 

Сондай-ақ, үздік суреттер тізіміне бес туынды кірді. 

2019 жылы 10 наурызда Эфиопия әуе желілерінің (Ethiopian Airlines ) ET302 борты Аддис-Абеб әуежайынан ұшқаннан кейін апатқа ұшырайды. Салдарынан 157 адам қаза табады. Суретте Boeing-737 әуе апаты құрбанының туысы оқиға орнына бетіне балшық жаққан. Суретті Мулугета Айене (Mulugeta Ayene) түсіріп алған.

Алжир. Үкіметке қарсы көтеріліс кезінде студенттердің полицейлермен қақтығысы. Суретті Фарук Батиче (Farouk Batiche) түсірген.

Жандану. Сурет: Томек Качор (Tomek Kaczor).

Бұл суретте 15 жастағы Ева есімді армян қызы бейнеленген. Ол сол сәтте кататоникалық жағдайдан шыққан. Сурет өткен жылы маусымда Польшаның Подкова Лесьн қаласында босқындарды қабылдау орталығында түсірілген.

Бойжеткен жараланған жауынгердің халін білуге келді. Сурет: Айвор Прикетт (Ivor Prickett) 

Сирия демократиялық күшінің 18 жастағы жауынгері Ахмед Ибрагим өткен жылдың 20 қазанында Хассактағы ауруханада түсіріп алынған. Ол түрік әскерімен қақтығыс кезінде қатты күйіп қалған. Алғашқыда бойжеткен бөлмеге кіруге қорыққан, себебі оның жарақатынан қатты шошыған. Бірақ, медбике оның кіріп, Ахмедтің қолынан ұстап, сөйлесуіне көндірген.

Артық ештеңе жоқ. Сурет: Никита Терёшин

Никита Терёшин өткен жылы ақпанда Абу-Дабиде Халықаралық қорғаныс көрмесі аяқталғаннан кейін (Idex) танкке қарсы гранатометтерді жинап жүрген кәсіпкерді суретке түсірген.