30 нау, 2023 сағат 20:15

Власть әнұран ойнағанда орнынан тұрмаған журналисі үшін кешірім сұрады

видеодан алынған кадр

Қазақстандық басылым әнұран ойнағанда орнынан тұрмаған журналисі үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оқиға Парламент отырысы кезінде болған. Отырыс басталып, әнұран ойнағанда бірнеше журналист орнынан тұрмай, жұмысын істей берген.

Журналистердің бұл әрекеті әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Кейбірі "журналистің мұндай үлкен шараларда орнынан тұрмастан жұмыс істеуін қалыпты нәрсе, әсіресе, сайтта жұмыс істейтіндер ақпаратты жедел беруі керек" десе, кейбірі тілшілердің жеке басына өтіп айыптап жатыр және ұлтына басымдық берген.

Власть басылымы да өз журналисінің әрекетін құп көрмейтінін айтып, кешірім сұрады.

"Власть әнұран ойнағанда орнынан тұрмай, жұмыс істеуін жалғастырған журналистің әрекетін құп көрмейді. Біз бұл үшін кешірім сұраймыз", - деп жазды басылым әлеуметтік желілердегі парақшасында.