17 қыр, 2018 сағат 14:32

Владислав Косарев фракция басшылығынан кетті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясы басшылығында өзгерістер болды. Бұл туралы ҚКХП ОК баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін,  яғни 17 қыркүйек күні Парламент Мәжілісінде Қазақстан Коммунистік Халық партиясының (ҚКХП) «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының отырысы өтті.

Фракция жетекшісі Косарев Владислав Борисовичтің бастамасымен ұйымдастырушылық сұрақтар қарастырылды:

  • фракция жетекшісінің өкілеттілігін тоқтату туралы
  • фракция жетекшісін сайлау туралы

"Косарев Владислав Борисович фракция жетекшісі өкілеттілігін тоқтатты. Ашық сайлау негізінде фракцияның жаңа жетекшісі болып бірауыздан ҚКХП Орталық Комитетінің хатшысы, фракция жетекшісінің орынбасары, депутат Қоңыров Айқын Ойратұлы сайланды" делінген хабарламада.

Депутаттық фракцияның құрамы өзгерген жоқ.

Косарев Владислав Борисович 2016 жылғы наурыз айында ҚКХП тізімі бойынша VІ-сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған-ды. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі бюросының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Халық коммунистер» фракциясының басшысы.

Ал, ҚОҢЫРОВ Айқын Ойратұлы 1972 жылы 28 қараша күні Көкшетау облысы, Куйбышев қтп. дүниеге келген. Қазақ. Үйленген, екі бала тәрбиелеуде.

Екі жоғары білімі бар – Көкшетау мемлекеттік университет («Орыс тілде оқытусыз мектептерде орыс тілінен оқытушы», 1998ж.), «Фемида» Қарағанды заң академиясы («заңгер-құқықтанушы», 2006ж.).

1989 жылы Куйбышев орта мектебін тәмәмдаған соң еңбек қызметін Куйбышев аудандық шаруашылық басқармасының автобазасында слесарь болып бастады. Кәсіпкерлік ісімен белсенді айналысады.

2004-2011 ж.ж. аралығында «News Print» ЖШС жетекшісі қызметін атқарады («Московский комсомолец в Казахстане» газетін басып шығару).

2004 жылы Қазақстан Коммунистік Халық Партиясын құруға бағытталған ұйымдастыру комитетінің құрамына енді.

2005-2006ж.ж. – Алматы қалалық комитетінің екінші хатшысы. Партияның тіркеуден өткен мезетінен бастап қазіргі таңға дейін ҚКХП Орталық комитеті аппаратының жетекшісі. 2008 жылдан бастап ҚКХП Орталық комитеті Бюросының мүшесі.

2004ж., 2007 ж. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға ҚКХП атынан кандидат болып қатысты.

2007ж., 2011ж. ҚКХП республикалық сайлауалды штабы жетекшісінің орынбасары. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты. ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәслелелер жөніндегі комитетінің мүшесі.

2013 жылдан ҚКХП Орталық комитетінің Хатшысы.