Танымал Boxing News басылымының нұсқасы бойынша украиндық Владимир Кличко мен британдық Энтони Джошуа айқасы онжылдықтағы үздік жекпе-жек аталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Айта кетсек, WBA, IBF және IBO титулы үшін болған бұл айқас 2017 жылғы сәуірде Лондондағы Уэмбли стадионында болған еді.
Төртінші раундта Джошуа Кличконі нокдаунға жіберді, ал келесі үшминуттықта украиндықтың соққысынан соң британдық есеңгіреп қалды. Дегенмен 11-раундта британдық техникалық нокаутпен жеңді.
Бұл жекпе-жек Геннадий Головкин мен (Қазақстан) - Сауль Альварестің (Мексика) алғашқы кездесуінен, сондай-ақ Наоя Иноуэ (Жапония) - Нонито Донэйр (Филиппин) және Срисакет Сор Рунгвисаи (Таиланд) - Роман Гонселес (Никарагуа) жекпе-жектерінен көп дауысқа ие болды, деп жазды Klitschko-brothers.com.