АҚШ-тың Вирджиния-Бич қаласында жұма, 31 мамырда кешке қарай қалалық муниципалды басқарма ғимаратында жергілікті қызметкерлердің бірі адамдарға оқ атып, кемінде 11 азамат қаза тапты.
Полиция дерегінше, ер адам ғимараттың бір қабатынан келесі қабатына көтеріле жүріп, оқ атқан. Оны оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері атып өлтірген.
Қылмыскердің есімі әзірге айтылмайды. Жергілікті шенеуніктерге сілтеме жасаған The Wall Street Journal басылымы қызметкердің қалалық коммуналды қызмет көрсету саласында жұмыс істегенін айтқан. Қалалық полиция шерифі Джим Сервер де бұл ақпаратты растаған. Полицияның айтуынша, ол жалғыз әрекет еткен. Атыстың себептері анықталып жатыр.