25 қаң, 2021 сағат 09:51

Венесуэла «Спутник V» вакцинасын сынау нәтижелерін жариялады

Венесуэлалық дәрігерлер Ресейде жасалған «Спутник V» вакцинасының клиникалық сынағына қатысқан еріктілерде ешқандай күрделі асқыну тіркелмегенін мәлім етті. Бұл туралы жексенбі күні Оңтүстік Америка еліндегі вакцинаның зерттелуін басқаратын венесуэлалық дәрігер Алексис Гарсия Пиньера мәлім айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алғашқы дозаны 200-ден астам ерікті, оның екі компонентін 40 адам қабылдады», - деді дәрігер Венесуэла президенті Николаса Мадуроның Twitter-дегі парақшасында жасалған трансляция барысында.

Оның айтуынша, еріктілерде тұмаурату, бас ауруы немесе егпе орнының ауырсынуы секілді тек жеңіл асқыну анықталған.

Пиньера сонымен қатар елде «ауыр асқыну немесе еріктінің өлімі» тіркелмегенін айтты. 

«Біздің нәтижелеріміз ғылыми жарияланымдарда және Ресей мен Аргентинадағы вакцинация нәтижелерімен сәйкес келеді», - деді дәрігер. 

Былтыр желтоқсан айында Оңтүстік Америка елінің вице-президенті Дельси Родригес Ресей тарапымен коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының 10 миллион дозасын жеткізу туралы келісімге қол қойды. Ал, бұған дейін Каракас клиникалық зерттеудің үшінші кезеңіне қатысу үшін ресейлік вакцинаның 2 мың дозасын алғаны хабарланған болатын.