«Комирнати» (Pfizer, АҚШ) мРНК-вакцинасы жүкті әйелдер үшін қауіпті емес. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спикердің сөзінше, әлемнің 20-дан астам елі жаңадан босанған әйелдерге екпе салуды бастады.
«Жүкті әйелдер де екпе алуы керек. Еуропада жүкті әйелдерді вакцинациялау бойынша көптеген клиникалық зерттеулер жүргізілді және Ресейде зерттеді. Бізде коронавирус инфекцияның аясында жүктілік кезінде әртүрлі жағымсыз салдар мен асқынуларға ұшыраған әйелдердің белгілі бір саны бар екенін көріп отырмыз. Сондықтан, клиникалық зерттеулерге сүйене отырып, 16 аптадан 38 аптаға дейінгі аралықта вакцинациялауды ұсынамыз. Вакцинаның бірінші және екінші компоненттерімен. Вакцинация жүкті әйелдер үшін қауіпті емес», - деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева.
Сонымен қатар, ол екпеден кейін ана мен балада иммунитет қалыптасып, ауру қаупі төмендейтінін атап өтті.
