07 сәу, 2021 сағат 15:30

Вакцина өңірлерге уақытылы жеткізіледі - Цой

Коронавирусқа қарсы вакцина кестеге сәйкес жеткізіліп, өңірлер сұранысы қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біріншіден, жеткізілім кестесі бойынша бізде вакцинаның әрбір партиясы біртіндеп келіп жатыр. Екпе салдырған адамдар көрсеткіші ерікті түрде барғандар санына қатысты болып отыр. Қазіргі кезде вакцина салдыруға барғандар саны артып келе жатқанын байқап отырмыз. Вакциналар жоспарлы түрде жеткізілетінін атап өткен жөн. Әр өңір бойынша нақты бекітілген көлем бар. Сондықтан ешқандай проблеманы көріп тұрғаным жоқ. Вакцина уақытылы жеткізіліп, өңірлер қажеттілігі қамтамасыз етіледі», - деді Цой Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Осы орайда ол вакциналау елімізде ерікті түрде жүргізілетінін және осы бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.