Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова қала аумағыныда қосымша екпе пунктері ашу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Егу пунктері ашылған сауда орталықтары мен базарларға келетін болсақ, бүгінде олар қала бойынша жеткілікті деп ойлаймын. Ауру қаупі вакциналау жүргізген кезге қарағанда жоғары. Сауда орталықтарына вакциналауға көп адам келіп жатқан жоқ. Күніне 28 адам шамасында ғана. Бұл жеткіліксіз екенін түсінікті шығар. Сенбі-жексенбіде барлық сауда орталықтары ашық, осы күндері адамдар көп кіргенімен, тек 28 адам вакцинацияланған. Сондықтан, әзірге қосымша егу пунктерін ашпаймыз деп ойлаймын», - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
Әлия Рүстемова сауда орталықтарындағы егу бекеттерінде ауру жұқтыру қаупі туралы болжамдарға пікір білдірді.
«Мен бұған келіспеймін. Сауда-ойын-сауық орталықтарындағы және базарлардағы барлық егу пунктері санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылған. Жұмыс санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп жүргізілді. Қорытынды міндетті түрде беріледі. Департамент қызметкерлері нысан басшыларына барлық қажетті шарттарды сақтау үшін нұсқау беріп отыр», - деді маман.
