18 қаң, 2022 сағат 18:25

Вакцина алғанына 6 ай өткен азаматтар ревакциналануы қажет – Тоғжанов


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов халықты вакцина мен ревакцина жасатуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Пандемия кезеңіндегі қайғылы оқиғаларды қайталағымыз келмесе, санитарлық қызметтердің нұсқауларын қатаң сақтау қажет. Сондықтан әрбір қазақстандыққа өз денсаулығына, жақындарының, туыстарының денсаулығына қамқорлық көрсетуге және қысқа мерзімде вакциналау мен ревакциналаудан өтуге кеңес береміз. Эпидемиологиялық жағдайдың одан әрі қалай өзгеретіндігі тек өзімізге байланысты. Қазіргі «омикрон» штамы тез таралуымен қоймай, жас талғамайтындығымен қауіпті», - деді Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Оның айтуынша, қалыптасқан иммунитетті сақтап қалудың бірден-бір жолы – реквакциналау. 

«Алдын ала емделгеннің есесі кетпес» дейді халқымыз. Сондықтан вакцина алып үлгермеген әрбір қазақстандық тез арада вакцина қабылдауы керек. Вакцина алғанына 6 ай өткен азаматтар – ревакциналануы қажет! Ең бастысы, Қазақстанда қолданылатын барлық вакциналар тиімді әрі қауіпсіз. Оны уақыттың өзі дәлелдеді», - деді Тоғжанов.