Оңтүстік Африка Республикасында жолаушы ұшақтың құлап бара жатқан сәтін видеоға түсірген, деп хабарлайды РИА Новости.
Ер адам сол қатарда иллюминатор алдында отырған. Ол қозғалтқышы өртенген ұшақтың біртіндеп төмендеп бара жатқанын түсіріп алыпты.
"Барған сайын төмендеп барамыз. Жағдайымыз қиын", — дейді ер адам.
Содан соң экран қап-қара болып, қатты соққы үні естілді, артынша ұшақтың ішін түтін басып кетті. Кейін жолаушыларды эвакуациялап жатқаны көрінеді.
10 шілдеде Преторияға жақын маңда халықаралық рейсті орындаушы ұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан екі адам қаза тауып, 20 адам зардап шеккен.