16 мау, 2021 сағат 10:39

Үш облыс әлі «сары» аймақта тұр


2021 жылғы 16 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы. 

«Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. 

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.