19 сәу, 2020 сағат 19:48

Үндістанның Премьер-министрі Қасым Жомарт Тоқаевқа жауап берді

Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди Twitter-де ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевқа жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жылы сөздеріңіз үшін Президент @TokayevKZ Сізге рахмет. Үндістан мен Қазақстан - стратегиялық серіктестер. Осындай қиын шақтарда ынтымақтастық пен ниеттестік екі елдің арасындағы достық байланысты күшейте түседі», - деп жазды Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, 18 сәуірде ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев пандемиямен күреске арналған дәрі-дәрмек жібергені үшін Үндістан үкіметіне және Премьер-министріне алғыс білдірген еді. 

«Пандемиямен күреске арналған дәрі-дәрмек жібергені үшін Үндістан үкіметіне және Премьер-министр @NarendraModi мырзаға шынайы алғысымды білдіремін. Осы көмек Үндістан шетелге дәрі экспорттауды тоқтатқан кезде жіберіліп отыр. Бұл нағыз достық пен ниеттестіктің белгісі деп санаймын», - деп атап өткен ҚР Президенті.