Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Құтпанбаев Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын құруға қанша қаражат жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлытау ұлттық табиғи паркін құруға қанша қаражат кетеді? Жалпы Ұлттық парктердің дамытудың келешегі қандай? Одан қандай экономикалық тиімділік бар? Парктер өз-өзіг ақтап жатыр ма? Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингіде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң өкілдеріне осындай сауал қойылды.
«Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы 2022 жылға арналған бюджеті 236 млн теңге болып отыр. Бүгінгі таңда бұл қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. 2022 жылдың бірінші қаңтарынан бастап штат саны және басқа да ұйымдастыру мәселелері нақты белгілі болады», - деді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Құтпанбаев,
Оның айтуынша, мемлекет ұлттық парктерді экономикалық пайда үшін ұстап отырған жоқ.
«Ұлттық парктер құрудағы негізгі мақсат, біріншіден, табиғатты күзету қызметі. Яғни, бірегей табиғи кешендерді қорғауға бағытталған. Осыған байналысты Ұлттық саябақтардың табысын есептеу екінші кезектегі мәселе деп ойлаймыз», - деді комитет басшысы.