09 қыр, 2020 сағат 06:29

Ұлыбританияда коронавирус вакцинасының кері әсеріне байланысты клиникалық сынақ тоқтатылды

Британдық Оксфорд университеті мен AstraZeneca жасаған коронавирусқа қарсы вакцинаның соңғы клиникалық сынақтары тоқтатылды. Вакцина Ұлыбританиядағы қатысушыларының біріне кері әсерін берген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" BBC-ге сілтеме жасап.

AstraZeneca-Оксфорд университетінің вакцинасы әлемде жасалып жатқан ондаған вакцинаның үздіктері қатарына кіреді. 

Вакцина 1 және 2 кезеңінде сынақтан сәтті өткен. Сол себепті нарықта алғашқылардың бірі болып қолданысқа шығады деген үлкен үміт болған.

Оның 3-тестілеу кезеңіне өтуі соңғы апталарда АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия және Оңтүстік Африка елдерінен 30 мыңға жуық адам қатысуға тілек білдірген.

Вакциналарды сынаудың 3-кезеңі әдетте мыңдаған қатысушыны қамтиды және бірнеше жылға созылуы мүмкін.