17 шіл, 2019 сағат 13:31

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің қазіргі жұмыстары, негізгі бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берілді.

Асхат Аймағамбетов Білім саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының әзірлену барысы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті жаңа мемлекеттік бағдарламаның мазмұны мен осы құжатта шешілуге тиісті міндеттер жөнінде өз ұсыныстарын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге  ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен тағайындау туралы нормативтік құжаттар дайындауды тапсырды.