Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен Ардагерлер кеңесінің өкілдері Ұлттық ұлан ардагерлерін құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Ниязтай Әлкешевтің басшылығымен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен Ардагерлер кеңесінің өкілдері 1 қазан - Қарттар күні мерекесімен Ұлттық ұлан ардагерлерін құттықтады", - делінген хабарламада.



