28 қаз, 2020 сағат 09:20

Ұлттық статистика бюросына жаңа басшы тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрболат Серғалиұлы АЙДАПКЕЛОВ 1979 жылы Жамбыл облысында туған. 

2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдады. 

2001 жылдың қаңтар айынан 2003 жылдың қараша айына дейін ҚР Статистика агенттігінің «Ақпараттық-есептеу орталығында» РМҚ жұмыс істеді. 2003-2007 жылдары аралығында «Мемлекеттік экспорттық кредиттер және инвестицияларды сақтандыру корпорациясы» АҚ бас маманы, Қаржы департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2007-2008 жылдары «ҚазАгро «ҰҚ» АҚ басқарушы директор. 

2008-2009 жылдары «ҚазАгроГарант» АҚ басқарма төрағасы. 2009 жылдың шілдесінен бастап желтоқсанға дейін «Astana Knowledge City» АҚ консультанты. 2009-2011 жылдары ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары. 2011-2013 жылдары ҚР Статистика агеттігінің жауапты хатшысы, 2013-2014 жылдары ҚР Статистика агенттігі Әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің директоры. 

2015 жылдың қаңтар айынан 2016 жылдың мамыр айына дейін түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды. 

2016 жылғы 26 мамырдан бастап - ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің төрағасы болды. 

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісімен марапатталған.