22 қыр, 2020 сағат 17:05

Ұлттық банк теңгенің 2 күн қатарынан әлсіруіне қатысты түсінік берді

Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Банктің баспасөз қызметі.

Бүгінгі биржа сауда-саттығындағы теңгенің бір АҚШ долларына шаққандағы бағамы 423,70 деңгейінде жабылды. 

«Мұнай нарығындағы теріс серпін Қазақстанның валюта нарығына да әсер етті. Кешегі күні теңге 0,2%-ға әлсіреді, ал бүгін сауда-саттықты 422,9-дан бастап, бір күнде 0,4%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасының бүгін сағ. 17:00-дегі жабылу бағамы 423,70 деңгейінде тіркелді. Ұлттық валютаның серпіні негізгі іргелі факторлар қозғалысының соңынан ілесуде», - деп түсіндірді банктің баспасөз қызметі.