ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов биыл теңге долларға қарағанда нығайғанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Биылғы қаңтарда жылдық инфляция 5,6 пайыз болды. 2020 жылы азық-түлік инфляциясының баяулауы болады деп күтілуде.
«Осы жағдайларда биылғы 3 ақпанда Ұлттық банк базалық ставканы 9,25 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Қаңтарда биржалық айырбас бағамы бір доллар үшін 376-382 диапазонында өзгерді. Өткен айда теңге 0,9 пайызға пайызға нығайды, яғни бір доллар үшін 379,05 теңгеге дейін», - деді А. Баймағамбетов.
Оның сөзіне қарағанда, теңгенің нығаюы мұнайға әлемдік бағаның төмендеуіне қарамастан орын алды.
«Жыл басынан бері «Brent» маркалы мұнай бағасы коронавирустың жылдам таралуына және АҚШ-та мұнай қорының өсіміне байланысты барреліне 68-ден 54 долларға дейін төмендеді. 10 ақпанда оның деңгейі 53,27 доллар көлемінде қалыптасты», - деді ҰБ өкілі.