ҚР Ұлттық банкі 2021-2022 жылдарға арналған зерттеу бағдарламасын әзірледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бағдарлама Ұлттық банктің стратегиялық және ортамерзімді зерттеу міндеттерін анықтап, ұйымның сол міндет аясында баға мен қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мандатын айқындайды.
Осы мақсаттарға тұрақты қол жеткізу үшін экономикалық ортаны қалыптастыратын көптеген факторларды, өзара әсер ету арналарын және Қазақстан экономикасы алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсінуді талап етеді.
Құжатта бес негізгі бөлім бар: «Ақша-кредит саясатының жолдары мен макроэкономикалық үйлестіру», «Макроэкономикалық саясаттық сараптама жүргізу тәсілдері», «Қаржы және сабақтас нарықтардың өтімдігі мен баға қалыптастыру», «Қаржы қатынастарын реттеу мен дамыту», «Төлем жүйесінің болашағы».
Әр бөлім бойынша жан-жақты зерттеуді қажет ететін стратегиялық бағыттар қалыптасып, Ұлттық банктің қызметі үшін 2021 жылға арналған зерттеудің ең басым бағыттары анықталды.
Бұл құжат Ұлттық банктің қоғамға ақпарат беру деңгейін жақсартып, қоғамдық дискурс деңгейін күшейтуге, конструктивті ақпараттық-сараптамалық орта қалыптастыруға және экономикалық саясаттың ең өзекті мәселелеріне жауап іздеу үшін академиялық қауымдастықтың ғылыми әлеуетін бағыттауға мүмкіндік береді.