ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгер күштерінің контингенті Қазақстанға шектеулі уақытқа жіберілді. Бұл туралы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында Ресей Президенті Владимир Путин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
«Бауырлас Қазақстан халқына көмек көрсету бойынша бірлескен қадамдар барынша жедел келісілді. Осы орайда ҰҚШҰ тетігі нақты іске қосылды. Қазақстанға ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгер күштерінің контингенті бағытталды. Олар мерзімі бойынша шектелген уақытқа жіберілді. Яғни ол қажетті мерзімді Қазақстан Президенті айқындайды», - деді Путин.
Ресей Президентінің айтуынша, өзінің функциясын орындағаннан кейін, ҰҚШҰ-ның контингенті Қазақстан аумағынан міндетті түрде шығарылады.
Айта кетейік, бүгін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтіп жатыр. Жиын Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылды.