24 ақп, 2022 сағат 12:34

Украинамен әуехабарлама тоқтады


Украинадан келетін және бұл елге баратын рейстердің тоқтауына байланысты жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

​«Украинадан келетін және бұл елге баратын рейстердің тоқтатылуына байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында жолаушыларға кеңес беруге арналған жедел желі қызметін іске қосты. Телефон нөмірлері: +7 7172 798213, +7 7172 798215» делінген хабарламада.

Байланыс орталығының жұмыс кестесі 2022 жылдың 5 наурызына дейін күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.