17 сәу, 2023 сағат 12:10

Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандықтарға қатысты 10 іс тергеуге алынды - ҰҚК

Фото: dw.com

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Украинадағы әскери қақтығысқа қазақстандықтардың қатысу дерегін тергеп жатыр. Ақпаратты ведомствоның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"ҚР ҰҚК Қазақстан азаматтарының Украина аумағындағы соғыс қимылдарына қатысу фактілері бойынша он қылмыстық істі тергеп жатыр", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Ведомство қазақтардың қай тарапқа қатысы барын нақтыламады.

"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.