Украиналық белсенділер кирилл әліпбиінен латын қарпіне көшуді ұсынды. Мұндай ашық хат Украина президенті Петр Порошенконың сайтында жарияланған.
Ашық хат авторларының мәліметінше, латын қарпіне өту украиналықтардың еуропалық ой-пиғылын білдіреді.
"Бұл украин тілінің әлем бойынша дамуына әсер етеді, себебі оны шетелдіктер оңай қабылдап, оқи бастайды, информациялық технологиялар саласындағы басымдықтары да ұшан-теңіз", - дейді авторлар.
"Сегодня.ua" порталының мәліметінше, Украинада кирил қарпінен арылу туралы мәселе осымен 400 жылға жуық уақыт талқыланып келеді. Осы бағытта соңғы қадамдар 2010 жылы жасалған сол кезде Украина билігі паспорттарды беру үшін арнайы украин әліпбиін латынға көшірудегі ережені бекіткен. Ал мамандар латын қарпіне өтуге түбегейлі қарсы шығып отыр.
"Бұл тілдің қасиеттерін жоғалтады, - дейді аудармашы Анатолий Омельченко. - Бізде белорустен кейінгі славян тілдері арасында мінсіз графика жүйесі бар екінші тіл. Яғни әріптердің 90 пайызы дыбысқа сай келеді, яғни не естісек, соны жазамыз. Латын болса жазу жүйесін күрделендіреді".