Украина қауіпсіздік қызметі Голодомор құрбандарын еске алу күніашаршылықтың кесірінен туындаған 1937 жылғы демографиялық дағдарыс туралы осыған дейін құпия болып келген мәліметті жариялады. Бұл ақпаратты Украина қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі Facebook-тағы парақшасында хабарлады.
"1937 жылғы бүкіл одақ көлемінде жүргізілген халық санағы нағыз демографиялық дағдарыс болғанын көрсетті" дейді Украина қауіпсіздік қызметі мамандары. Ол кезде совет демографтары Украина халқы 35 млн болады деп болжаған. "Алайда санақ нәтижесі 29 млн адам қалғанын көрсеткен, яғни іс жүзінде 1926 жылғы халық саны өзгермеген" делінген хабарламада.
УҚҚ мамандарының айтуынша, санақ жүргізген басқарма жетекшілері "халық санын жасанды түрде азайтып көрсетті" деп айыпталып, атылып кеткен.
Украина жоғарғы радасы 14 жыл бұрын Голодоморды 1932-33 жылдары украин халқына жасалған геноцид деп таныған. Киев өзге мемлекеттерді де Голодоморды геноцид деп тануға шақырған.