01 ақп, 2022 сағат 19:55

Украина әскер санын үш жылда 100 мың адамға ұлғайтпақ


Украина Президент Владимир Зеленский елдегі Қарулы Күштер санын алдағы үш жылда 100 мың адамға ұлғайту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ҚазАқпарат Укринформ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құжат туралы тоғызыншы шақырылған Жоғарғы Раданың жетінші сессиясының ашылуында айтылды. 

«Украина Президентінің мемлекеттің қорғаныс қабілетін және әскери қызметтің тартымдылығын нығайту туралы жарлығы әзірленді. Бұл жарлық барлық әскери қызметшілерді материалдық қамтамасыз етуді ең төменгі жалақының үш мөлшерінен төмен емес деңгейге дейін арттыруды көздейді. Украинаның кәсіби армияның негізіне көшуі, офицерлер мансабының өсуі, сондай-ақ алдағы үш жылда Украина Қарулы Күштерінің кәсіби армиясының 100 мың адамға ұлғаюы үшін жүйе әзірленді», - деді Президент. 

Сонымен қатар, Украина Қарулы Күштерінің қосымша 20 бригадасын құру мәселесі тұр. «Бұл жарлық Украинаның кәсіби армияға көшуінің бастамасы болып табылады. Бұл жарлық жақын арада соғыс болатыны үшін емес, Украинада бейбітшілік болуы үшін жасалған», - деді Владимир Зеленский.