08 қар, 2017 сағат 16:58

ҰҚК "Ресей Қазақстанға әскер кіргізуі керек" деген блогердің видеосына қатысты тексеріс жүргізеді

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Пермь қаласында тұратын видеоблогер Алексей Бессоновтың Қазақстанға Ресей әскерін кіргізу керек деген Әлеуметтік желіде жарияланған видеосына қатысты тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей федерациясының азаматы Алексей Бессоновтың видеосы тіркеуге алынды. Тексеру шаралары ұйымдастырылып жатыр", - деді ведомстводағылар.

Айта кетейік, Алексей Бессоновтың видеосы қазақстандықтардың наразылығын тудырған болатын. Көпшілік блогерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды шақырған.