#
#
Дүйсенбі 10/08/2020

ҰҚК: Кәсіпкерлерден қаржы бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды

  • 05.06.2020
  • 0
  • 246

Атырау облысында кәсіпкерлерден қаржы бопсалау, қарыз өндіру сияқты қылмыстық әрекеттермен айналысып келген ұйымдасұан топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, 2020 жылғы 3 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізген арнайы операция нәтижесінде спорттық орта мен ықтимал деструктивті діни ағымдардың өкілдерінен тұратын адамдар тобының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесілді. 

Қылмыстық топ мүшелері өңірдегі кәсіпкерлерді қорқытып, ақша алып, қарыздарды «өндіру» сияқты қылмыстық әрекеттермен айналысып келген. Сондай-ақ олардың дене жарақатын салу сияқты әрекеттерге де қатысы бар. 

«Қылмыстық топтың белсенді 5 мүшесі ұсталды. Олардың кейбіреуі «ұрылар» идеологиясын ұстанып, трансұлттық қоғамдастықтардың көмекшілерімен байланыс ұстаған. Ұсталғандардың тұратын жерін тінту барысында үш бірлік әртүрлі қару түрлері мен олардың оқ-дәрілері табылды. Ұсталған үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, бұлтартпау шарасын таңдау жөнінде мәселе шешілуде. Екеуінен қорғауға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды»,-делінген хабарламада. 

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар