14 сәу, 2023 сағат 13:42

ҰҚК бұрынғы содырдың 7 жасар қызын елге қайтарды – видео

видеодан алынған кадр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 11 наурызда Сириядан бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызын қайтарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҰҚК мәліметінше, оны елге қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақытқа созылған.

Қазір ол Астана қаласының балаларды қолдау орталығында.

"Қыз баланың психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Бүлдіршін медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Жуық арада ол туыстарына беріледі.

Жалпы, 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы елімізге қайтарған.