06 нау, 2026 сағат 10:58

Үкіметтік емес ұйымдар: қоғамдағы рөлі мен дамуы

Тоқсаныншы жылдардың басында елімізде жүзге жуық қана үкіметтік емес ұйым болса, қазір де олардың саны 23 мыңға жеткен. Соңғы 18 жылда үкіметтік емес ұйымдар саны 2,5 есе артып отыр.

Үкіметтік емес ұйымдардың басты мүддесі - қоғамдағы түйткілді мәселелер турасында халықпен және билікпен бірге жұмыс атқарып, олардың шешілуіне ықпал ету. Олардың арқасында қоғамдағы өзекті мәселелер елеусіз қалмайды, қоғамдық белсенділікті арттырып, бақылауды күшейтеді.

Бүгінде Республикамызда үкіметтік емес ұйымдар әлуметтік салалардың барлық бағыттарын қамтиды. Әсіресе білім мен ғылым, әлеуметтік осал топтарды қолдау, гендерлік мәселелер мен демография, мәдениет және денсаулық сақтау салалары сияқты түрлі бағыттарды қамтиды. 

Қазіргі күні белсенді жұмыс істеп жатқан үкіметтік емес ұйымдардың көп бөлігінің қаржыландыруы мүмлекеттен. Нақтыласақ, 2 185 жоба мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жұмыс істейді.