Үкімет басшысының орынбасары Әлихан Смайылов мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың басшыларына бюджет қаражатын тезірек игеру керектігін ескертті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қаржы жылының аяқталуына 55 жұмыс күні қалды. Нақтылауды ескере отырып, осы жылдың соңына дейін 4,2 млрд теңгені игеру қажет. Кейбір шығыстар бойынша әлі күнге дейін конкурстық рәсімдер аяқталмағанын көріп отырмыз. Жоспарланған бюджеттік бағдарламалардан басқа шұғыл мақсаттарға Үкімет резервінен қосымша 236 млрд теңге бөлінген. Қазіргі таңда бар болғаны оның 111 млрд теңгесі немесе 47 пайызы ғана игерілді», - деді деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.
Ол сондай ведомство мен әкімдіктердің басшыларына ескерту жасады.
«Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары бюджеттік бағдарламалардың тиімділігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ете отырып, бюджет қаражатының уақтылы игерілу мәселесін ерекше бақылауда ұстауы қажет», - деді Әлихан Смайылов.