13 нау, 2020 сағат 11:40

Үкімет түбегейлі өзгерістер жоспарын әзірлеуі тиіс - Қасым-Жомарт Тоқаев

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық экономика мен геосаяси ахуал күрделі кезеңге аяқ басуына орай Үкімет түбегейлі өзгерістер жоспарын әзірлеуі тиіс екенін мәлімдеді.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды. 

«Әлем жаһандық экономика мен геосаяси ахуалды қайта өзгертудің күрделі кезеңіне аяқ басты. Қазақстанның алдында мүлдем жаңа талаптар жағдайында экономиканың орнықты даму режимін сақтау міндеті тұр. Үкімет түбегейлі өзгерістер жоспарын әзірлеуі тиіс» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Президент мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерді орындайтынын атап өтті.