Үкімет адам көп жиналатын салтанатты іс-шараларды өткізуге неге рұқсат бергенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
"Біз бірқатар іс-шараларды өткізуге рұқсат бердік, бірақ қатаң шарттармен. Біріншіден, жиынға келушілер Ashyq-та "Жасыл" мәртебеге ие болуы керек. Біз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біртіндеп "бұрынғы" өмірге қайта оралуымыз керек", - деді Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтегі брифингте.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда алты миллионнан астам адам вакцинацияның толық курсынан өткенін, иммундық қабат құрылғанын айтты.
"Біз Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсарып келе жатқанын көріп отырмыз. "R" коэффициенті ұзақ уақыт бойы төмен деңгейді ұстап тұр. Сонымен қатар, рұқсат беруіміздің басты себебі - дағдарыс кезінде бизнесті қолдау. Қазір барлық бизнес нысандарының жұмысы реттелген, ұйымдардың ішінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, қашықтық және басқа да карантиндік шараларға байланысты нақты талаптар бар. Бұл әдіс бизнес нысандарын іске қосуға, жеке ұжымдарды да, келушілерді де қауіпсіздендіре отырып, пандемияға қарсы жұмыс істеуге мүмкіндік берді", - деді Цой.