Үкімет бәз біреулердің мүддесін көздейтін жекелеген топтардың емес, халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерде жазды.
«Үкімет бәз біреулердің мүддесін көздейтін жекелеген топтардың емес, халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Тиімді мемлекеттік басқару тұрақты әрі шынайы болуы керек. Біз сапалы мемлекеттік басқарудың берік негізін қалыптастыру үшін Үкімет пен қоғамның моральдық стандарттарын жақсартуымыз керек», - деп жазды ҚР Президенті твиттерде.