07 ақп, 2020 сағат 08:42

Уханьда бес бала коронавирустан айықты

Өткен бейсенбі күні Ухань қаласында (Хубэй провинциясы, Орталық Қытай) коронавирустың жаңа түрін жұқтырған бес бала айығып, ауруханадан шығарылды, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ең кішкентай пациенттің жасы екіде болса, үлкені - 14-те. Ухань қалалық балалар ауруханасының хабарлауынша, балалар айығып шыққан соң да екі апта бойы медициналық бақылауда болады.

«Балалардың иммундық жүйесі жетілмеген, сондықтан олар әртүрлі симптомдары бар тыныс алу жолдары инфекцияларын тез қабылдайды», - деп атап өтті аталған аурухана дәрігері Фан Юйжун

Бұған дейін Ухань қаласында (Орталық Қытай, Хубэй провинциясы) жаңа туған сәбидің коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат расталған болатын. Қытайлық дәрігерлер жаңа туған нәрестеге аурудың құрсақта берілу ықтималдығын қарастырып жатыр. Қазір сәбидің жағдайы бақылауда