Фото: ашық дереккөз
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында «Қарабұтақ - Комсомол - Қостанай» автожолының 74 шақырымында «Шымкент - Екатеринбург» бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусы бұзылып қалды, деп хабарлайды Ult.kz.
ТЖМ және ПД қызметкерлерінің күштерімен жолаушылар уақытша орналастыру және демалу үшін Жүргенов ауылындағы «Әйтеке би» кемпингіне жеткізілді.
Эвакуацияланғандар Өзбекстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының азаматтары. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.
